Мен, Қабделова Ұлжан Саматқызы, Атырау облысы Исатай ауданы, Аққыстау селосында 1986 жылдың 1 мамырында дүниеге келдім. Әкем, Қабделова Самат Қабделұлы, "Жайықмұнайгаз" АҚ-ында әртүрлі басқарушы лауазымды қызмет атқарды, соңғы қызметі - кәсіподақ комитетінің төрағасы. Қазір еңбек демалысында. Анам, Түсекенова Күлаш Лотқызы, мамандығы бойынша бастауыш сыныптар мұғалімі, көп жылдық тәжірибесі бар педагог, соңғы атқарған қызметі Исатай аудандық түзету орталығының меңгерушісі. Қазір еңбек демалысында. Негізгі орта білімді 1991-2003 жж аралығында Аққыстау орта мектебінде алдым. Үздік аттестатпен бітірдім. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетіне "Аударма ісі" бойынша корейтану кафедрасына түстім. 2006 жылы студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Кореяның Сеул қаласында орналасқан Ханкук шет тілдер университетінде тілдік тағылымдамадан өттім. Университетті 2008 жылы қызыл дипломмен аяқтадым. 2009-2011 жж аралығында Сеул қаласындағы Ханянг университетіне магистратураға KTnG шәкіртақысын ұтып, оқуға мүмкіндік алдым. 2008-2011 жж аралығында HSnK кореялық компаниясында аудармашы қызметін атқардым. 2011-2015 жж аралығында Халықаралық ынтымақтастық департаментінде академилық мобильділікке жауапты бөлімді басқардым. 2015 ж. Шығыстану факультетіне докторантураға түсіп, оқуымды жалғастырдым. Қазіргі таңда Қиыр Шығыс кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып жатырмын.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0